"Олимп" БК сотқа шағымданатынын мәлімдеді

1346

Қазіргі уақытта "Олимп" БК заңсыз әрекетінің, сондай-ақ салық заңнамасын бұзудың нақты ауқымын анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.   

"Олимп" БК сотқа шағымданатынын мәлімдеді

"Олимп" букмекерлік кеңсесі лицензияны тоқтату бойынша сот шешіміне шағымданбақшы, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"2019 жылғы 29 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты заңды күшіне енген жоқ. Таяу уақытта "Олимп" БК лицензияны тоқтату туралы сот шешіміне шағымданады", - дейді букмекерлік кеңсенің өкілдері.  

Осыған дейін, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, "Олимп" букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуге бастамашы болғаны айтылды. 

Тергеу деректері бойынша, компания Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын бұза отырып, белгілі бір табыс табумен интернет-ресурс арқылы лицензияланбаған әрекетті жүзеге асырған. Тиісінше, осы салаға салық салынбаған.

Қазақстан шегінен тыс ақшалай қаражатты заңсыз шығару арналары анықталып, оқшауланды. Қаржы қылмыстары саласына жататын өзге де әрекеттер тіркеліп жатыр.

2019 жылғы 29 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Олимп" БК сауда белгісімен "Only bet" ЖШС және "Alpha bet"ЖШС берілген лицензия қолданысын 6 ай мерзіміне тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу