"ОLIMP KZ" бухгалтері болған Елена Антонцева Черногориядан экстрадицияланды

885

Күдікті қылмыстық қудалау органдарынан қашып жүрген.

"ОLIMP KZ" бухгалтері болған Елена Антонцева Черногориядан экстрадицияланды

Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматшасы Елена Антонцеваны Черногориядан экстрадициялады. Бұл туралы қадағалаушы органның сайтында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

"Е. Антонцеваға "ОLIMP KZ" Букмекерлік кеңсесі" ЖШС бухгалтер болып жұмыс істеп жүріп, ұйымдасқан топтың құрамында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіріп, ойын бизнесі саласында заңсыз қызметті жүзеге асырды деген күдік келтірілді. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды",– деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта ол Алматы қаласының тергеу изоляторына жатқызылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу