Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында Айза Имамбек қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы мұз айдынға 9-шы болып шығып, 44.40 ұпай еншіледі. Енді ол ертең еркін бағдарламада жарысты ары қарай жалғастыру үшін жарысқа қатысып жатқан 30 спортшының ішінен үздік 24 орынға кіруі керек.
Айта кетейік, санаулы минуттардан кейін, жарыс алаңына тағы бір отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева шығады. Ол мұз айдында 23-ші болып өнер көрсетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу