Олимпиада-2020 жүлдегерлері мен бапкерлеріне жиыны 577 млн теңге беріледі

1413

Токио Олимпиадасында қола медаль алған 8 спортшы 31 млн теңгеден алады.  

Олимпиада-2020 жүлдегерлері мен бапкерлеріне жиыны 577 млн теңге беріледі

Бұған қатысты НҚА сайтында "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" қаулы жобасы пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz  порталы.

Құжатта көрсетілгендей, Үкімет резервінен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі үшін Токиодағы (Жапония) XXXII жазғы Олимпиада ойындарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшыларға және олардың жаттықтырушыларына біржолғы төлемдер үшін 577 047 700 теңге сомасында ақша бөлу көзделген.

"Жазғы Олимпиада ойындары – бұл кез-келген ел мұқият дайындалатын әлемдік деңгейдегі төрт жылдық оқиға. Спортшылардың басты спорттық жарыстарға қатысуы мен жеңістері әлемде мемлекеттің беделін арттырып қана қоймай, оның серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуының дәлелі болады. Спортшылар өздерінің Олимпиададағы жеңістерімен республикамыздың беделін әлемдік деңгейде көтеріп, Қазақстанның спорттық имиджін нығайтады", делінген жобаның түсіндірме жазбасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу