2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының алауы Эйфель мұнарасының төбесіне орнатылуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Тиісті жобаға қатысты жұмыстар осымен 2 жыл жүргізілуде. Алайда идеяны іске асыру бойынша біраз қиындық туындаған. Оған техникалық себептер түрткі болған. Өйткені мұнараның төбесінде антенналар мен найзағай тартқыш орнатылған.
Еске салайық, дүбірлі дода келер жылдың 26 шілде-11 тамыз аралығында Парижде өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу