Австралиялық 1997 жылы туған. Автралияның 6 дүркін чемпион. Достастық ойындарының чемпионы.
Қарсыластар алғашқы раундта бірін-бірі бағып, ашық шабуылға шығуға асыққан жоқ. Әйтсе де Зәкірдің бірнеше соққысын дәл дарытты. Алғашқы раунд бойынша жеңісті бес төрешінің үшеуі Зәкірге берді. Хәрри Гарсайд екінші раундта аянып қалған жоқ. Бұл раундтың қорытындысы бойынша төрешілер есепті теңестірді. Үшінші раундта Зәкір бірнеше сериялық шабуыл жасады. Соңғы раундтың өте тартысты өткенін атап өту керек. Дегенмен төрешілер жеңісті австралиялыққа берді.
Аян Бекенұлы