Олимпиада боксының салмақ категориялары өзгертілді

862

Олимпиада боксының салмақ категориялары өзгертілді

Мәскеуде өткен AIBA Конгресінде олимпиадада әйелдер салмақ категорияларының санын үштен беске дейін арттыру және ерлер санатын оннан сегізге дейін қысқарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды olympic.kz.

Техникалық комиссияның басшысы Пэт Фиако хабарлағандай, Токиода ерлер 52, 57, 63, 69, 75, 81, 91 және 91 килограмнан артық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Ал әйелдер 51, 57, 60, 69 және 75 келі салмақта жұдырықтасады.

Жарысқа қатысқысы келетін кәсіпқой боксшыларға қойылған талап бойынша олардың кәсіби жекпе-жек саны 15-тен көп болмауы керек.

Сондай-ақ, конгресте судьялардың шешіміне наразылық білдіру құқығын қайтару туралы шешім қабылдады. Фиако айтқандай, жарыс барысында әр құрамада екі наразылық беру құқығы болады.

Наразылық жазбаша түрде жекпе-жек нәтижелері жарияланғаннан кейін 15 минут ішінде қабылданады,оны арнайы қазылар алқасы қарап, түпкілікті шешім қабылдайды.Бұл ретте наразылық білдіргені үшін команда 1000 доллар төлеуі тиіс. Егер наразылық әділ деп танылса, онда бұл соманың жартысы кері қайтарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу