Баландин Қазақстан қоржынына үшінші медаль салды

952

 Баландин Қазақстан қоржынына үшінші медаль салды

Олимпиада чемпионы Баландин Қазақстанға жазғы Универсиада-2017-де үшінші медаль әкелді, деп хабарлады КазТаг.
Қазақстандық жүзгіш 100 м брасспен финалдық жүзуде үшінші болып келді, ол қашықтықты 1 минут 17 секундта бағындыды.
Осы қашықтықта бірінші орынды белорус Илья Шиманович иемденді. Екінші болып американдық Эндрю Уилсон келді.
Бұл Қазақстан үшін Универсиададағы үшінші медаль. Бұған дейін "алтын" мен "қоланы" сәйкесінше, ауыр атлеттер Альберт Линдер мен Арли Чонтей иемденді.
Дүниежүзілік жазғы Универсиада Тайбаеде 19 тамызда басталды. Ол 30 тамызда бітеді. Жарыс спорттың 22 түрі бойынша өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу