Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

433

​Ол оқиғадан кейін алғаш рет үн қатты.  

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов бостандыққа шықты Фото: tengrinews.kz

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов әкімшілік қамау мерзімін өтеп, бостандыққа шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Tengrinews.kz жазуынша, 28 шілде күні кешке спортшыны әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдау орнынан жұбайы мен достары күтіп алды. Данияр Елеусінов болған оқиғаға қатысты қысқаша пікір де білдірген.

"Оқиғаға келсек, өздеріңіз де көргендей, болар іс болды. Бұл үшін қатты өкінемін", – деді боксшы.

Айта кету керек, бұған дейін Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалғанын жазғанбыз.  Ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Боксшы алкогольдік масаң күйде көлік айдап, елорда көшелерінде жол-көлік оқиғасын жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу