Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов тағы да қамауға алынды

269

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Алматы әуежайында ұшақтан өз бетінше шығып, перронға жүгіргені үшін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов тағы да қамауға алынды Фото: yeleussinovdaniyar

Оқиға 25 қыркүйекте Алматы – Астана бағытындағы рейске жолаушыларды отырғызып жатқан кезде болған. Ер адам әуе кемесінен өз бетінше шығып, перронға жүгіріп кеткен. Осылайша, ол авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осыған байланысты жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұшақтағы барлық жолаушы сыртқа шығарылып, тиісті рәсімдер жүргізілді. Соның салдарынан рейстің ұшуы кейінге шегерілді.

— Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 5-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды, — делінген хабарламада.

Атап айтқанда, спортшы қоғамдық орында масаң күйде болғаны, тыйым салынған жерде темекі шеккені, ұшу қауіпсіздігі талаптарын және әуе кемесінің бортындағы тәртіп ережелерін бұзғаны үшін және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.

Сот шешімімен Данияр Елеусінов 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу