Дмитрий Баландиннің сүйікті қызы Олимпиада чемпионына ғашық жанкүйерлеріне екеуінің достығы жайлы айтып берді.
Чемпионның таңдауы түскен бойжеткеннің аты-жөні — Кристина Тыныбаева. Ол 20 жаста. Димамен кездесіп жүргеніне 2 жыл болыпты.
Дима секілді, бойжеткен де өз өмірін кәсіби спортқа, яғни суда жүзу спортына арнаған. Бұл менің жұмысым әрі хоббиім дейді ол.
Кристина -халықаралық деңгейдегі спорт шебері,үш рет әлем біріншілігіне қатысқан. Оның қоржынында Азияда ойындарының қола медалі бар.
Ал Дмитрий Баландиннің жанкүйерлеріне Кристина қатты назар аудара бермейді екен.
"Мен оны кез келген жағдайда үнемі қолдап келемін, әлі де қолдаймын. Оның жанкүйерлеріне көңіл аудармауға тырысамын, өйтпесем қызғаныштың отына күйіп кетуім әбден мүмкін", — дейді ол.
21 жастағы алматылық Дмитрий Баландин Қазақстан тарихында алғаш рет суда жүзуден Олимпиада чемпионы атанған болатын.
Аlashinform.kz