Олимпиада чемпионы Елдос Сметов саяси науқанда өз таңдауын жасады

193

​Ол Тараз қаласындағы №82 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов саяси науқанда өз таңдауын жасады Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Азаматтық парызын орындаған спортшы өз отандастарының дауысы келешек үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

"Бүгінгі референдум барша қазақстандықтар үшін маңызды оқиға. Атом электр станциясын салу немесе салмау туралы таңдауды халықтың өзі жасап жатқанын жөн деп санаймын. Өз отандастарымды өз таңдауларын жасауға шақырамын. Себебі елдің болашағы қашан да халықтың қолында. Мен де қарапайым халықтың қатарындағы азаматпын. Менің де дауысым маңызды деп ойлаймын. Бүгін өз таңдауымды жасадым", – деді чемпион.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу