Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың медалінің құны қанша

911

Олимпиада медалінің өзі – 529 грамм, бірақ ол 95,4% күмістен тұрады.

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың медалінің құны қанша Фото: Olympic.kz / Сали Сабиров

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметовтың Париждегі Олимпиадада жеңіп алған алтын медалінің қанша тұратыны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олимпиада медалінің өзі – 529 грамм, бірақ ол 95,4% күмістен тұрады. Оның құрамында небәрі 6 грамм таза алтын бар. Олардың қазіргі бағасына сүйенсек, медальдің құны шамамен 950 доллар немесе 450 мың теңге болады.

Егер медаль толығымен алтыннан жасалған болса, оның құны шамамен 41 мың доллар яғни 19 миллион теңге болар еді. Соңғы рет мұндай таза алтын медаль 1912 жылы Стокгольмде өткен Олимпиадада табыс етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу