Олимпиада чемпионы Иман Хелиф оны "еркек" деп атаған Дональд Трамп пен Илон Маскты сотқа берді

407

Спортшының қорғаушысы "олар боксшының атына кір келтірді" деп айыптап отыр.

Олимпиада чемпионы Иман Хелиф оны "еркек" деп атаған Дональд Трамп пен Илон Маскты сотқа берді Фото: Richard Pelham / Getty Images

Париж Олимпиадасының бокстан чемпионы, алжирлік спортшы Иман Хелиф өзіне қатысты кибербуллинг жасаған танымал тұлғалардың үстінен сотқа арыз берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Боксшы жазушы Джоан Роулинг, Х әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск және АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың үстінен шағым түсірген.

Аталған тұлғалар әлеуметтік желіде Иман Хелифпен жұдырықтасқан италиялық Анджела Каринидің сайыстан бас тартқанын жарыса жазып, боксшы қыздың жынысына қатысты тақырыпты қызу талқылады. Спортшының қорғаушысы "олар боксшының атына кір келтірді" деп айыптап отыр.

Иман Хелиф Париж Олимпиадасының чемпионы атанған соң өзінің ерекше қабілетке ие әйел екенін мәлімдеген еді.

"Мен ерекше қабілетке ие мықты әйелмін. Шабуыл мен зұлымдық кампаниясының нысанына айналдым. Бұл менің соларға ең сәтті жауабым болды. Жауап қай кезде де шаршы алаңда болады. Менің турнирге қатысуға толық құқым бар. Себебі өзгелер сияқты мен де әйелмін. Мен әйелмін, әйел секілді өмір сүрдім, әйел ретінде жарысқа түстім. Бұл шабуылдардың бәрі менің табысыма ерекше әр береді", - деді Иман Хелиф.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу