Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимов спорттан уақытша шеттетілді

935

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) ауыр атлетикадан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимовтың допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін уақытша спорттан шеттетілгенін хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимов спорттан уақытша шеттетілді

Ниджат Рахимов 2016 жылы зәр талдауын алмастырды деп айыпталуда. Дәл осындай айыппен 2017 жылғы Еуропа чемпионы Думитру Каптари да спорттан уақытша шеттетілді.

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада Ниджат Рахимов 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, 2015 жылы әлем чемпионы атанды.

27 жастағы Рахимов 2013 жылы да допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін екі жылға шеттетілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу