Олимпиада комитеті медальден айырылған зілтеміршілерге қатысты ресми түсініктеме берді

1090

Олимпиада комитеті медальден айырылған зілтеміршілерге қатысты ресми түсініктеме берді

Олимпиада ойындарында жүлде алған еліміздің төрт спортшысы ресми түрде медальдерінен айырылды. Бүгін осы жағдайға қатысты Ұлттық Олимпиада комитеті ресми түрде түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz.

Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшыларға қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды. Спортшылардың қанынан тыйым салынған зат табылған болатын. Мұндай ақпарат Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайтында да жарияланды.

Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшылардың "А" және "В" допинг сынамаларын қосымша тексерді. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық еркін күрес палуаны, күміс жүлдегер Таймураз Тигиевті Ойындардан шеттетіп, жүлдесін қайтарып алу туралы шешім шығарылды.

2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысқан спортшылардың сынамаларын тексеру қорытындысы бойынша, тәртіптік комиссия қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манезаны Ойындардан шеттетті. Сонымен қатар, комиссия спортшылардың көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, медальдарды қайтарып алды.

Спортшыларға қолданылатын жаза мерзімін тиісті халықаралаық федерациялар анықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу