Париждегі Олимпиада ойындары өтпей қалуы мүмкін

207

Franceinfo ақпаратынша, Парижде Сена өзеніндегі судың сапасына күнделікті талдау 1 маусымнан бастап жүргізіле бастады.  

Париждегі Олимпиада ойындары өтпей қалуы мүмкін Фото: Instagram/paris2024

Сена өзенінде ішек таяқшасының бактериясы табылды, сондықтан жазғы Олимпиаданың ашық суда өтетін турнирлері кейінге қалдырылуы немесе тіпті өтпеуі де мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аралық талдау өзеннен ішек таяқшасының бактерияларының табылғанын көрсетті. Бұл өз кезегінде қатысушылар мен көрермендердің денсаулығына алаңдаушылық туғызады, сонымен қатар бір айдан кейін басталатын Олимпиада ойындарын өткізуге әсер етуі мүмкін.

Құны миллиард еуродан асатын тазарту шараларына қарамастан, Сенадағы судың сапасы төмен болып қала береді. Судың 14 үлгісінің біреуі ғана қанағаттанарлық болды. Бұл триатлон жарыстарын кейінге қалдыруға немесе тоқтатуға әкелуі мүмкін.

Аталмыш сайысқа қатысу үшін, олимпиадалық квотаны елімізден триатлоншы Екатерина Шабалина жеңіп алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу