"Токио-2020" ұйымдастырушылары Олимпиада алауы эстафетасының кейінге қалғаны туралы жаңалықтан хабардар екендіктерін айтты, деп жазады olympic.kz.
"Токио-2020" ұйымдастыру комитетіне Олимпиада алауы эстафетасының Грекиядағы кезеңінің тоқтатылғаны туралы хабарланды. Сондай-ақ, бізге Грекия Олимпиадалық комитеті алауды табыстау рәсімі 19 наурыз күні көрермендердің қатысуынсыз өтетінін де жеткізді. "Токио-2020" ХОК пен Грекия Олимпиада комитетімен тығыз байланыста қала береді. "Токио-2020" Олимпиада алауын Жапонияға жеткізеді. Ұлттық билік бекіткен Коронавирусқа қарсы саясат бойынша, Жапониядағы барлық аймақтармен тығыз жұмыс істеп, 26 наурыз күні Олимпиада алауы эстафетасының қауіпсіз түрде өтуін қадағалаймыз", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ХОК пен Токио-2020 ұйымдастыру комитеті 2020 жылдың 24 шілдесі күні жоспар бойынша Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын өткізетіні мәлімдеді.