2024 жылы Канвонда өтетін жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын Кристина Шумекова мен Ерасыл Шыңғысхан алып шығады.
Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан жастар құрамасының ту ұстаушылары ресми түрде белгілі болды. "Ұлттар шеруі" кезінде Қазақстан туын конькимен жүгіруден Петропавлдан ұлттық құраманың мүшесі Кристина Шумекова мен оралдық шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан алып шығады.
Бұл дарынды спортшылар Қазақстан туын тек спорттағы жетістіктері үшін ғана емес, халықаралық спорт ареналарында көрсеткен мінезінің мықтылығы үшін де алып жүру құрметіне ие. Он сегіз жастағы Кристина Шумекова - конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасының спорт шебері, өз жас санатындағы Қазақстан Республикасының чемпионы, 2023 жылғы Италияда өткен Әлем Кубогі кезеңінің күміс жүлдегері. Он жеті жастағы Ерасыл Шыңғысхан - шорт-тректен спорт шеберіне кандидат, өз жас категориясы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы, сонымен қатар 2023 жылғы "Азия балалары" халықаралық жарысының күміс жүлдегері.
"Бұл мен үшін керемет қобалжитын сәт. Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсету – абырой ғана емес, үлкен жауапкершілік. Мен мұз айдынында бар күшімді саламын деп уәде беремін. Әрқайсымыз Олимпиада жүлдесін алуды армандаймыз және бұл ойындар – бұл мақсатқа жетуге мүмкіндік", - деп бөлісті Кристина Шумекова.
Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Ерасыл Шыңғысхан да өз эмоцияларымен бөлісті: "Мен үшін Канвонда еліміздің ұлттық құрамасының туын алып шығу - үлкен жауапкершілік. Біздің команда алдағы жарыстарға дайын, мен Қазақстанды лайықты түрде көрсете алатынымызға сенімдімін. Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысу – біздің әрқайсымыз үшін маңызды тәжірибе, кәсіби өсуіміздің бір бөлігі".
Канвон-2024 миссиясының басшысы Елсияр Қанағатов ұлттық жастар құрамасының ту алып шығатындарды таңдауына сенім білдірді:
"Кристина мен Ерасыл - біздің мықты және біртұтас командамыздың жарқын өкілдері. Олардың кәсібилілігі, ынта-жігері мен спортқа берілгендігі Оңтүстік Кореяға баратын біздің жасөспірімдер құрамасының ең жақсы қасиеттерін көрсетеді. Бұл жастар қазақстандық спорттың жаңа буынының бет-бейнесі болып табылады және біз олардың Канвон қаласында өтетін қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында көрсететін өнерін асыға күтеміз және осы ойындарға қатысу біздің спортшыларымызға ірі халықаралық жарыстарда өнер көрсетуде құнды тәжірибе алуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз".
Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындары:
Канвон-2024 жасөспірімдер арасындағы IV қысқы Олимпиада ойындары 19 қаңтарда ашылады және 1 ақпанға дейін Пхенчхан 2018 қысқы Олимпиада ойындарын қабылдаған Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында өтеді. Оңтүстік Кореядағы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына әлемнің 50 елінен 1800 спортшы қатысады деп жоспарланған. Жеті спорт түрінен (15 пән) 81 медаль жиынтығы ойнатылады. Қазақстанның спорт делегациясы құрамында спорттың бес түрінен 42 спортшы бар.
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарына 2012 жылдан бері қатысып келеді. Жалпы, еліміз үш қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысып, екі күміс және алты қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҚР ҰОК) 1990 жылдың 3 ақпанында құрылып, 1993 жылдың қыркүйек айында Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ресми түрде танылды.
ҚР ҰОК дербес, тәуелсіз қоғамдық ұйым болып табылады. Өз қызметін жүзеге асыру барысында ҚР ҰОК Олимпиадалық Хартия, Қазақстан Республикасы Заңдары мен ҚР ҰОК Жарғысын негізге алады. Қазақстан Республикасы аумағында Олимпиадалық қозғалысты дамыту және оны қорғау, Олимпиадалық құндылықтарды насихаттау - ҚР ҰОК миссиясы болып табылады.