Олимпиада жүлдегері Нариман Құрбанов отбасын құрды

689

Кадрларға қарасақ "қыз ұзату" рәсімі Астанада өткен.

Олимпиада жүлдегері Нариман Құрбанов отбасын құрды Фото: видеодан алынған кадр

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов үйленді. Оның таңдауы спорттық гимнаст Аида Бауыржанова болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спортшылар өмірлеріндегі маңызды күннің фотосуреттері мен бейнежазбаларды әлеуметтік желідегі парақшаларында бөліскен. Кадрларға қарасақ "қыз ұзату" рәсімі Астанада өткен.

Кеш қонақтары гимнасттардың туыстары, достары мен әріптестері болды.

Естеріңізге сала кетейік, 3 тамызда қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс медалін жеңіп алды. 

Жеңістен кейін Құрбанов қызына ұсыныс жасағысы келетінін мәлімдеді. Ол үш жыл бұрын үйленуге уәде берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу