Олимпиада жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті

1158

Олимпиада жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті

Жуыда Аргентина мемлекетінде жасөспірімдер арасында 3-ші жаңғы олимпиада ойындары болып өтті. Дүбірлі додаға 200-ден аса елдің спортшылары қатысып, спорттың 36 түрінен медальдар жиынтығын сарапқа салды. Байрақты бәсекеге қатысқан Қазақстан құрамасының спортшылары сәтті өнер көрсетіп 10 жүлдеге қол жеткізді.

Төрт жылда бір өтетін жарыста қарсылас шақ келтірмеген Бекарыс Сәдуақас, Диас Бахридин, Глеб Брусенский, Евгений Федоров және Айбек Оралбай алтынан алқа тақты. Маргарита Гриценко, Дәмір Тойбай және Талғат Шәйкен күміс жүлдегер атанса, команда қоржынына қола медальді Стелла Суханова, Надежда Рябец және Әбілмансұр Батырғалы салды. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 14-ші орынға жайғасты. Беделді жарыста ел намысын қорғаған спортшылардың еңбегі бағаланды. Дүбірлі жарыста ел абройын асырған спортшылар еліміздің ұлттық олимпиада комитеті тарапынан марапатқа ие болды.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес жасөспірімдер олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға сыйақы тағайындалды. Жеңімпаздар 10 мың АҚШ долларын қалтасына басты. Күміс жүлдегер иесіне 5 мың, ал қола медаль иесіне 3 мың доллар көлемінде сыйақы берілді.

Жасөспірімдер олимпиаласында еліміздің атынан 58 атлет спорттың 23 түрінен бақ сынап көрді. Келесі олимпиада ойындары 2022 жылы Сенегал мемлекетінде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу