Олимпиада жұлдызын бензин шашып, өртеп жіберген

372

Парижде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан марафоншы денесінің 75 пайызын күйік шалған. 

Олимпиада жұлдызын бензин шашып, өртеп жіберген Фото: Факти fakty.ua

Әлемге әйгілі Уганда марафоншысы Ребекка Чептегеи қазір өмір мен өлім арасында жатыр. Жігіті оны ақша үшін өртеп жіберген, деп жазады inbusiness.kz сайты Decripto порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Кенияның Транс-Нзоя округінде болған. Шіркеуден балаларымен үйге оралған Ребекканы бұрынғы жігіті Диксон Ндима Рид күтіп алып, мүлік дауына байланысты болған жанжал қайғылы жағдайға ұласқан. Ақыр соңында ол Ребекка үстіне бензин шашып, оны өртеп жіберген. Спортшы денесінің 75 пайызын қатты күйік шалған.

Күйіктің ауырлығы дереу медициналық көмекті қажет етті. Ребекка шұғыл түрде Эльдореттегі Moi University and Referral Hospital университеттік ауруханаға жеткізілген. Спортшының жағдайы өте ауыр.

Ребекка Чептегеи тек зорлық-зомбылықтың құрбаны ғана емес, сонымен қатар өз елін 2024 жылғы Париждеге Олимпиада ойындарында халықаралық деңгейде танытқан дарынды спортшы. Ол әйелдер марафонында жарысқа қатысып, 44-орынға ие болды. Сонымен қатар Таиландта өткен 2021 жылғы таулы және трассалық жүгіруден әлем чемпионатына қатысып, алтын медаль жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу