Олимпиадада чемпион атанған филиппиндік спортшы өмір бойы тегін кеспе жейтін болды

1719

Париж Олимпиадасында топ жарған филиппиндік гимнаст Карлос Юло жеңісінен соң қандай сыйақы алатыны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олимпиадада чемпион атанған филиппиндік спортшы өмір бойы тегін кеспе жейтін болды Фото: news.ru

Отандасымыз Милад Каримидің қарсыласы болған филиппиндік енді өмір бойы тегін кеспемен, қуырылған тауықпен және печеньемен қамтылады.

Бұдан бөлек ол 45 жасынан бастап қалаған уақытта колоноскопиядан тегін өте алады. Қазір оның жасы 24-те.

NBC Olympics мәліметінше, Карлос Юлоға зәулім үй мен қаржылай сыйақы да қарастырылған. Спортшы сонымен қатар жиһазбен толық жабдықталған құны 24 миллион филиппин песосына тең (415 000 АҚШ доллары) екі бөлмелі пәтер иесі атанды.

Филиппин спорт комиссиясы оған 10 миллион песо (173 000 АҚШ доллары), ал елдің Өкілдер палатасы 3 миллион (~52 000 доллар) тағайындап отыр.

Юлоға 100 000 филиппин песосы болатындай (~1730 доллар) жиһаз беріледі. Көптеген мейрамхана атлетті тегін тамақтандыратынын алға тартқан.

Карлос Юло – Филиппинде ерлер арасында Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш спортшы. 2021 жылғы Токиода өткен аламанда әйелдер арасында ауыр атлет Хидилин Диас топ жарып, ел тарихындағы алғашқы алтынды иеленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу