Токио-2020 Олимпиадасында коронавирустық инфекцияларды жұқтыру көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Соңғы тәулікте 31 адамның дертке шалдыққаны анықталды.
Бұл турнир басталғаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Алдыңғы рекорд – бір тәулікте 29 науқас тіркелді.
Ауруға шалдыққандардың арасында Грекиядан келген синхронды жүзуде өнер көрсететін тағы бір спортшы бар. Бұл топтағы науқастардың саны 6-ға жетті. Осы жайттан кейін ұйымдастыру комитеті грекиялық спортшыларды жарыстан шеттету туралы шешім қабылдады.
Олимпиадада COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 353-ке жетті.
Табиғат Нұрболат