Олимпиадада жаңа әлемдік рекорд орнады

1339

Рекордты жаңартқан – америкалық спортшы Сидни Маклафлин.

Олимпиадада жаңа әлемдік рекорд орнады

Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жаңа әлемдік рекорд орнады, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Guardian сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайт әйелдер арасындағы 400 метр қашықтық бойындағы кедергілерді секіріп өтіп, жүгіру жарысында тіркелді . Рекордты жаңартқан – америкалық спортшы Сидни Маклафлин.

АҚШ спортшысы кедергілері бар бұл қашықтықты  51,46 секундта еңсерген. Ол өзінің алдыңғы рекордын жаңартып отыр. Бұрынғысы – 51,90 секунд еді.

Маклафлин осылайша алтын медалді жеңіп алды. Күміс жүлде оның отандасы Далила Мухаммадқа бұйырды. Нидерландтық спортшы Фемке Бол үшінші орынға табан тіреді.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу