"Дүбірлі додада жеңіске жеткен қазақстандық спортшылырға 250 мың доллар көлемінде сыйақы берілетіні белгілі. Қазір әлемдегі экономикалық жағдай қиын. Ресей Украинамен соғысып жатыр. Спортшыларға берілетін сыйақы мөлшері қысқара ма?" деп журналист Дәурен Абаевқа сұрақ қойды.
"Жоқ. Қазіргі таңда (спортшыларға берілетін сыйақы мөлшерін – автор) қысқарту мәселесі талқыланып жатқан жоқ. Ақшамыз жеткілікті", – деді министр дене шынықтыру және спорт саласының кеңейтілген алқа отырысынан соң.
Айта кетейік, Олимпиа ойындарында алтын медаль алған қазақстандық спортшыға 250 мың доллар, күміс – 150 мың доллар, қола – 75 мың доллар беріледі.
Дәурен Ерболат