Олимпиадада жүлделі орын алған оқушыларға алғаш рет ақшалай сыйақы берілді

677

Халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орын алған 27 оқушы 73 млн теңгеден астам сыйақы  алды.   

Олимпиадада жүлделі орын алған оқушыларға алғаш рет ақшалай сыйақы берілді Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Олардың ұстаз-тәлімгерлері де біржолғы ақшалай төлемдер алды, деп жазады inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Оқу-ағарту министрлігі халықаралық пәндік олимпиада  жеңімпаздарына 1,5 млн-нан 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы тағайындаған болатын", делінген министрлік таратқан хабарламада.

Министрлік дерегінше, 27 медаль иегері еліміздің жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алады. 2022 жылы оқушылар арасындағы Халықаралық олимпиададан ұлттық құрама 3 алтын, 15 күміс және 9 қола медаль әкелді. Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов биыл оқушылар 7 олимпиадаға қатысқанын, келесі жылы оған тағы 7 олимпиада қосылатынын айтқан болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу