Олимпиадаға жолдама алған спортшыларға миллион теңгеден берілді

1108

Ақтөбе облысының басшысы Әлем Чемпионатының қола жүлдегерлері Мейрамбек Айнағұлов пен Нұрислам Санаевты қабылдады.

Олимпиадаға жолдама алған спортшыларға миллион теңгеден берілді

Кездесу барысында өңір басшысы балуандарды жеңістерімен құттықтап, алғысын білдірді, деп хабарлайды аktobenews.kz.

"Біздің тарапымыздан Сіздердің жаттығуларыңызға барлық жағдай жасалады. Ештеңеге алаңдамай, жаттығып, алдағы жылы Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарында еліміздің намысын абыроймен қорғайды деп сенемін",– деді облыс әкімі.

Кездесу соңында аймақ басшысы қос спортшы мен олардың жаттықтырушыларына алғысын білдіріп, ақшалай сертификаттар табыстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу