Олимпиадалық қалашықта алғаш болып Қазақстанның туы ілінді

834

Олимпиадалық қалашықта алғаш болып Қазақстанның туы ілінді

Пхенчхан мен Каннындағы олимпиадалық қалашықтар қазақстандық спортшыларды қарсы алуға дайын. Алғаш болып мұнда еліміздің туы ілінді, деп хабарлайды vesti.kz.

"Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті спортшыларымыз үшін барлық жағдай жасап қойды. Пхенчхан мен Каннындағы олимпиадалық қалашықтарда алғаш болып еліміздің туы ілінді", – деп жазады ҰОК ресми сайты.

Олимпиада ойындары екі кластерде орналасқан 12 спорт нысанында өтеді. Пхенчхан таулы кластерінде шаңғы спортынан жарыстар өтсе, жағажайдағы Каннын кластерінде коньки спортынан бәсекелер өтеді. Олимпиада ауылына бірінші болып ақпанның бірінде біздің биатлоншыларымыз орналаспақ. Ертеңінде тау шаңғышыларымыз бен конькишілеріміз кіреді. Артынша шорт-трекшілер мен могулшылар жайғаспақ. Шаңғышылар мен тұғырдан секірушілер ақпанның бесінде ат басын бұрады. Фристайл-акробатикадан ұлттық құрама Оңтүстік Корея жеріне ақпанның сегізінде барады. Мәнерлеп сырғанаушылар жарыс өтетін жерге жеке-жеке келмек.

Айта кетейік, Пхенчхандағы Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді. Төрткүл дүние асыға күткен доданың ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу