Олимпиадалық құраманың формасына тұңғыш рет "QAZAQSTAN" деп жазылады

887

Қазақстан ҰОК ана тілінде дайындалған олимпиадалық киім-кешектің маңызды элементтерінің бірі атлеттерге сенімділік беріп, олар үшін отандастарды қолдаудың символына айналатынына сенеді.

Олимпиадалық құраманың формасына тұңғыш рет "QAZAQSTAN" деп жазылады

Қазақстан тарихында олимпиадалық құраманың формасына тұңғыш рет  қазақша "QAZAQSTAN" деп жазылады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін Халықаралық Олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынған. Бұл ретте Қазақстан ХОК-тың үш әріптік кодтарының тізімінде KAZ белгісімен қала береді. Өйткені аббревиатура халықаралық стандартқа сәйкес пайдаланылады.

"Олимпиада ойындары – ең алдымен үздік атлеттер өз байрағымен шығатын достық пен бейбітшіліктің үлкен фестивалі. Бұл тек спортшылар үшін ғана емес, өз командаларын қолдайтын барлық жанкүйер үшін маңызды оқиға. Олимпиада кезіндегі кез – келген жабдыққа басты назар аударылады. Сондықтан ел атауының "QAZAQSTAN" деп жазылуы – ұлттық құраманы және бүкіл елді әлемдік қауымдастық алдында өте маңызды қадам болып саналады. Қазақ мәдениетінің ұлттық элементтері форма дизайнында халықтың салт-дәстүрлері мен өзіндік ерекшелігін ерекше атап өту үшін әрқашан да маңызды рөл ойнайтын. Біздің шетелдік әріптестеріміз жаңа жазуға жоғары баға берді. Біздің атлеттерге де форманың жаңа элементі ұнайтынына сенімдіміз. Олимпиадашылар – Қазақстанның шетелдегі маңызды елшілері. Сондықтан біздің отандастарымыз біздің командамызға – өз командасына қолдау көрсетеді деп үміттенеміз", – деп атап өтті еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитетінен.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына спортшылар жаңартылған формада аттанады. Көп ұзамай барша қазақстандық жаңа формамен таныс болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу