2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Парижде, ал 2028 жылғы Олмпиада Лос-Анджлесте өтеді, деп хабарлады КазТаг.
Атап өтілгендей, бұл туралы Лимадағы сессияда Халықаралық олимпиада комитеті хабарлады.
Париж бен Лос-Анджелес шілде айының басында 2024 және 2028 жылдардағы жазғы Олимпиада ойындарының астанасы болып белгіленген еді, алайда ол кезде олардың қайсысының Ойынды бірінші болып өткізетіні шешілмеген еді. Үміткерлер оны өздері келісуі керек болатын. 31 шілдеде Лос-Анджелестің 2028 жылғы Ойындарды өткізуге ресми түрде өтініш бергені жария етілді.
2024 және 2028 жылдары Олимпиада ойындарын өткізуге Гамбург, Будапешт және Рим де өтініш берді, алайда олар ақырғы тізімге кірмеді.
Париж де, Лос Анджелес те екі рет Ойын иелері болды: Париж 1900 және 1920 жылдары, ал Лос-Анджелес 1932 және 1984 жылдары.
Бұл ретте жақындағы жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылы Токиода өтеді.