Олимпиаданың келер жылға ауысуы 15 жастағы гимнастарға мүмкіндік сыйлады

562

 Бүгінде гимнастикадан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына берілетін 324 квотаның 75 пайызы үлестірілді. 

Олимпиаданың келер жылға ауысуы 15 жастағы гимнастарға мүмкіндік сыйлады

2020 жылғы Токио Олимпиадасы келесі жылға ауыстырылған соң, 2005 жылғы гимнастар Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігін алды. Бұл туралы Халықаралық гимнастика федерациясына сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлайды. 

FIG ережесі бойынша Олимпиадаға қатысатын гимнастардың жасы 16-дан кем болмауға тиіс. Егер Токио Олимпиадасы биыл өтсе, 2005 жылы туғандар төртжылдық додасына қатыспайтын еді. 

Гимнастарды Токио ойындарына қатыстыру туралы шешім соңғы аптада өткен FIG отырысында анықталды. Сондай-ақ, әлемдік ұйым Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі саналатын әлем кубогі мен құрлықтық турнирлерді ауыстыру жөніндегі жоспарын да талқылады. 

Айта кетелік, бүгінде гимнастикадан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына берілетін 324 квотаның 75 пайызы үлестірілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу