Өлшеу құралдарын пайдаланатын мекемелерден 175 бұзушылық анықталды

557

Шара барысында 57 387 өлшеу құралы тексерілген.  

Өлшеу құралдарын пайдаланатын мекемелерден 175 бұзушылық анықталды Фото: ortcom.kz

Сауда және интеграция министрлігі, техникалық реттеу және метрология комитетінің бастамасымен өлшеу құралдарын пайдаланатын 282 субъект тексерілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Спикердің мәліметінше, тексеру 158 медициналық мекеме, "Қазақстан Темір Жолы" 7 филиалында, 9 жанармай құю бекеті, 54 зертхана, 39  зауыт пен 15  білім беру мекемесін қамтыған. Соның барысында 57 387 өлшеу құралы тексеріліп, нәтижесінде 175 бұзушылық анықталды.

"1630 өлшеу құралдары мемлекеттік өлшеу құралдарының тізіліміне енгізілмесе, 2109 өлшеу құралы жарамсыз деп танылды. 67 өлшеу құралы, тексеруден өтпеген, аттестатталмаған жабдыққа жатады, 202 өлшеу құралы бұзушылықтармен тексерілген", - деді Қуаныш Елікбаев.

Мұндай өлшеу құралын пайдаланған объектілер арасында астық сақтау элеваторлары, жанармай құю станциялары және т.б. бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу