OLX.kz-те есірткі сатушыларды жалдау туралы үш мың “жасырын” хабарландыру өшірілді

388

Жыл басынан бері осындай 2700-ден астам интернет-ресурс анықталды.  

OLX.kz-те есірткі сатушыларды жалдау туралы үш мың “жасырын” хабарландыру өшірілді Фото: kaztag.kz

Мұндай хабарландырулардың құрбаны ересек азаматтар ғана емес, кәмелетке толмағандар да болуы мүмкін, – деп хабарлайды inbusiness.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

– Есірткі жасырушыларды жалдау туралы жарнамаларды анықтау үшін ведомство ең ірі хабарландыру сервистерінің бірі OLX-пен тікелей жұмыс істейді. Жыл басынан бері ІІМ бастамасы бойынша компания полиция мен сервис қызметкерлері анықтаған үш мыңнан астам “жасырын” хабарландыруды алып тастады. Олардың артында есірткі жасырушыларды жұмысқа тарту ұсынысы болған. ІІМ мемлекеттік органдардың, “OLX Group” өкілдерінің және еріктілердің қатысуымен арнайы чат құрды, онда күдікті хабарландыруларға сілтемелер жіберіліп отырады, жан-жақты тексеруден кейін расталған жағдайда олар дереу жойылады, – деп түсіндірді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Хабарландыру агрегаторларын бақылаудан басқа полиция есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын сайттарды, жазбаларды, блогтарды және жарнамаларды анықтау үшін интернет кеңістігіне мониторинг жүргізеді. Олар туралы ақпарат бұғаттау үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберіледі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу