Түркістан облысының полицейлері OLX сайтында автокөлікті есептен шығару бойынша қызметтерді ұсынатын интернет-алаяқты әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Түркістан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Біздің елімізде шетелдік автомобильдерді заңдастыру бойынша акция өткізілуде, осыған байланысты интернетте жүргізушілерге сыйақы үшін шет елдерден әкелінген автокөлік құралдарын есептен шығару қызметтерін ұсынатын күмәнді хабарландырулар пайда бола бастады", – деп хабарлады полиция өкілдері.
Әлеуметтік желілер мен хабарландыру сайттарын мониторингтеу кезінде Түркістан облысының полицейлері Армениядан автомобильдерді есептен шығару бойынша қызметтерді ұсынатын OLX-ке күдікті хабарландыруларды анықтады.
Белгісіз адам өз қызметі үшін 1 млн 200 мың теңге сұрады. Жүргізушілерден техникалық төлқұжат беру талап етілді. Ол дайын құжаттарды бір апта ішінде беруге уәде берді.
Шұғыл түрде хабарландыру авторының жеке басын анықталып, ол Қостанай облысының тұрғыны болып шықты.
Полиция автокөлік жүргізушілерін қырағы болуға және осындай қызметтерді ұсынатын күмәнді хабарландыруларға сенбеуге шақырды.