Олжас Бектенов: Атом энергетикасын дамытудың келесі кезеңіне көшу – дұрыс қадам

157

Республикамызда шағын реакторларды пайдалану тәжірибесі жинақталды.

Олжас Бектенов: Атом энергетикасын дамытудың келесі кезеңіне көшу – дұрыс қадам Фото: Үкімет

Премьер-Министр Олжас Бектенов елімізде атом энергетикасын дамыту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айтуынша, бұл саланың перспективасы зор екені анық. 

"Бізде ядролық отын өндірісі толықтай дерлік игерілген. Шағын реакторларды пайдалану тәжірибесі жинақталды. Бұл бағытта мамандар мен ғалымдарымыз да бар. Кадр даярлауға да көңіл бөлініп келеді. Сондықтан атом энергетикасын дамытудың келесі кезеңіне көшу дұрыс қадам болып табылмақ. Әсіресе, еліміздің энергетикалық инфрақұрылымына жүктеме артып отырған бүгінгідей жағдайда бұл мәселенің маңызы айрықша", - деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов Қазақстан қазірдің өзінде энергетикалық қуат тапшылығын тартып отырғанын жеткізді.

"Проблеманы осы бастан шешпесек, онда экономиканың әрі қарай өсуіне қажетті электр энергиясын үлкен көлемде сатып алуымызға тура келеді. Көптеген елдер атом энергиясына иек артады", - деді Премьер-Министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу