Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Баку қаласына (Әзербайжан) жұмыс сапары аясында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен ұжымдық қабылдауына, сондай-ақ ТМҰ мемлекеттерінің үкіметтері басшылары мен вице-президентінің кездесуіне қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әзербайжан Президентімен өткен кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударылды.
Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ыстық сәлемі мен шынайы лебіздерін жеткізді. Екі ел басшыларының парасатты әрі сындарлы саясатының арқасында екіжақты ынтымақтастық нығая түсетіні атап өтілді. Бұл тұрғыда Қазақстан Үкіметі өнеркәсіп, көлік-транзит, ауыл шаруашылығы, энергетика, цифрландыру және ЖИ сияқты басқа да негізгі салалардағы әріптестікті одан әрі тереңдетуге бар күш-жігерін салуда.