Олжас Бектенов Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоғын қойды

537

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Олжас Бектенов Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоғын қойды Фото: akorda.kz

Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоғын қойды, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов қазақ халқының ұлы перзенті, "Халық Қаһарманы" Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып, майданда қазақ тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай Астана қаласындағы Рақымжан Қошқарбаев ескерткішіне шүл шоғын қойғанын жазған болатынбыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу