Олжас Бектенов битум өндірісінің халықаралық стандартқа сай болуын тапсырды

416

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Олжас Бектенов битум өндірісінің халықаралық стандартқа сай болуын тапсырды Фото: Үкімет

Олжас Бектенов Маңғыстау облысындағы энергетикалық және өнеркәсіптік инфрақұрылымды жаңғырту жобаларымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының өңірді кешенді дамытуға, оның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртып, өнеркәсіптік әлеуетті кеңейтуге бағытталған тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

Атап айтқанда, Премьер-министр жол битумын өндіру көлемін арттыру, жаңа өндіру қуатын іске қосу, "МАЭК" ЖШС энергетикалық инфрақұрылымын жаңарту және Ақтау қаласындағы жылумен жабдықтау тапшылығын жою жөніндегі жобаларды жүзеге асырумен танысты.

Олжас Бектенов "CASPI BITUM" БК" ЖШС зауытында жол битумын өндіруге мамандандырылған ірі кәсіпорынның өндірістік қуатын тексерді.  "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов 2025 жылы электрмен тұзсыздандыру және атмосфералық-вакуумдық айдау (ЭТ-АВА)  қондырғысын жаңғырту жұмыстарының аяқталғанын баяндады, соның нәтижесінде мұнай өңдеу және битум өндіру бойынша жобалық қуаты бір жарым есеге артты. Өткен жылы кәсіпорында 696 мың тонна мұнай өңделіп, 284 мың тонна битум өндірілсе, 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында тиісінше 277 мың тонна мұнай және 106 мың тонна битум өндірілді. Сондай-ақ кәсіпорында ауа сапасын тәулік бойы бақылау, тазартылған суды қайта пайдалану және энергия тиімділігін арттыратын шешімдер енгізуді қамтитын экологиялық жаңғырту кешені жүзеге асырылуда. 

Премьер-министр өндірілетін битумның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу