Олжас Бектенов: Былтыр елімізде энергия тапшылығы 29%-ға төмендеді

Осы жылы Қазақстанда 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылмақ.  

Олжас Бектенов: Былтыр елімізде энергия тапшылығы 29%-ға төмендеді Фото: Ақорда

Бұл өз кезегінде 2027 жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл туралы Мемлекет басшысына Премьер-министр Олжас Бектенов баяндады. Ол елімізде электр энергиясының тапшылығы сақталып отырғанын, ең жоғары жүктеме кезеңдерінде импорттың есебінен жабылатынын жеткізді. Өткен жылы тапшылық 29%-ға азайғанымен, ауқымы әлі де үлкен болып тұр. 

– Жаңа тариф саясатының нәтижесінде реттеліп көрсетілетін қызметтердегі әділ нарықтық жағдайлар қалпына келуде. Қазіргі уақытта болжамды тарифтер ТКШ саласына жеке инвестицияларды қайта тартуға жол ашты. Мысалы, өткен жылы энергетика саласына 655 млрд теңге инвестиция тартылса, биыл бұл көрсеткіш шамамен 900 млрд теңге деңгейінде болады деп күтілуде. Жалпы алғанда, 2029 жылға қарай электр энергиясын өндіру көлемі 39 млрд киловатт-сағатқа ұлғаяды, – деді Олжас Бектенов.

Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге және өсіп келе жатқан қуат тапшылығын жабуға арналған стратегиялық жұмыс та қарқынды. Осы мақсатта Үкімет 2035 жылға дейін 26 ГВт-тан астам жаңа өндіруші қуаттарды енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізуде, оның арасында атом және "таза" көмір генерациясын дамытуға баса мән беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу