Олжас Бектенов халықаралық стандарттарға сай авиациялық оқу орталығын құруды тапсырды

413

Премьер-министр авиация саласына әлем мойындайтын мамандар даярлау қажет екенін айтты.  

Олжас Бектенов халықаралық стандарттарға сай авиациялық оқу орталығын құруды тапсырды Фото: Азаматтық Авиация Академиясы

Олжас Бектенов еліміздің авиация саласын одан әрі дамыту үшін кадрлық әлеуетті күшейту қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Әрине, саланы табысты дамыту үшін білікті мамандар қатарын айтарлықтай ұлғайту қажет.



Ғылым және жоғары білім министрлігі Көлік министрлігімен бірлесіп, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін авиациялық оқу орталығын құру бойынша шаралар қабылдасын", – деп атап өтті Премьер-министр Үкімет отырысында.



Бұл ретте Азаматтық авиация академиясына айрықша мән беріліп отыр. Аталған оқу орны отандық авиация саласы үшін халықаралық талаптарға сай сертификатталған мамандар даярлауы қажет.

"Азаматтық авиация академиясы жаңа деңгейге көтеріліп, сертификатталған және әлем мойындайтын мамандарды дайындауы қажет.



Шағын және өңірлік авиация үшін кадрларды даярлау кезінде авиация саласындағы қолданыстағы оқу орталықтарын пайдаланған жөн", – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу