Олжас Бектенов: Халықтың табысы мен әл-ауқатын арттыруға басымдық берілуі тиіс

Премьер-министр кеше өткен Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Олжас Бектенов: Халықтың табысы мен әл-ауқатын арттыруға басымдық берілуі тиіс Фото: Үкімет

Жиында Олжас Бектенов Конституциялық реформаның ел игілігі үшін жасалып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Кеше Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасының мән-маңызына тоқталды. Өзгерістердің ауқымы мен маңыздылығы, талқылау процесінің ашық жүргізілуі ел тарихында бұрын-соңды болмаған.

Президентіміз атап өткендей, жаңа Конституция жобасында "адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін" қағидаты айқындала түскен. Конституциялық реформаның көздеген мақсаты да осы – ауқымды саяси жаңғырумен қатар, экономиканың сапалы өсу қарқынын арттыра түсуге бағытталып отыр. Яғни, бірінші кезекте, халықтың табысы мен әл-ауқатын арттыруға басымдық берілуі тиіс. Бұл – біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет, – деді Олжас Бектенов.

Кеше Премьер-министр 2025 жылы жалпы ішкі өнім өсімі 6,5% болғанын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу