Олжас Бектенов: ірі кәсіпорындар ШОБ-ты қолдап, оларға қосымша қызметтер беруі тиіс

182

Бүгінгі таңда 14 моноқалада 1,5 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. 

Олжас Бектенов: ірі кәсіпорындар ШОБ-ты қолдап, оларға қосымша қызметтер беруі тиіс Фото: primeminister.kz

Отандық өндірісті ынталандыру үшін Премьер-Министр жыл соңына дейін ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес субъектілерімен жасалатын оффтейк-келісімшарттарының санын кем дегенде екі есеге арттыруды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Егер бұрын бұл жұмыс ерікті түрде жүргізілсе, қазір заңнамада ірі кәсіпорындардың айналасында ШОБ белдеуін құру және олармен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу міндеті бекітілген.

Бүгінгі таңда ірі тапсырыс берушілер мен отандық өндірушілер арасында моноқалаларда 24,5 млрд теңге сомасына 20 ұзақ мерзімді шарт және 47,3 млрд теңгеге 13 оффтейк-келісімшарт жасалды.

Қолданыстағы тетік аясында моноқалалардың бірқатар кәсіпорны жеткізушілермен тиімді бағамен шикізаттың қажетті көлемін жеткізу жөнінде келісімдер жасасты. Үкімет басшысы бұл шаралар жеткіліксіз екенін атап өтті.

"Ірі компаниялардың айналасында шағын және орта бизнес субъектілерінің белдеуін дамыту қажет. Бұл ірі компаниялардың міндеті болуы керек. Үкімет тарапынан оларға көмек көрсетілуде. Өз кезегінде олар қарсы міндеттемелер қабылдауы керек", — деді Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов.

Бүгінгі таңда 14 моноқалада 1,5 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 70%-дан 100%-ға дейін жүктелген. 2023 жылы кәсіпорындардың өндіріс көлемі 18,5 трлн теңгені немесе жалпы республикалық көрсеткіштің 40%-ын құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу