Олжас Бектенов Қауіпсіздік Кеңесінде айтылған тапсырмаларды орындауға қатысты жиын өткізді

101

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.  

Олжас Бектенов Қауіпсіздік Кеңесінде айтылған тапсырмаларды орындауға қатысты жиын өткізді Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша көлік, қаржы министрліктері басшылығының, "Самұрық-Қазына" қорының, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатысуымен кеңес өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент айтқан сынды ескере отырып, негізгі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін қысқарту қаралды. Қазақстан аумағында орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту бойынша көрші елдермен уағдаластықтарды сапалы әрі уақтылы іске асыруға назар аударылды.

Еліміздің нарығын қолжетімді бағадағы авиациялық отынмен қамтамасыз ету үшін отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды жеделдету туралы шешім қабылданды.

Премьер-министр "жасыл дәліздерді" ұйымдастыру және тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері азаматтар мен бизнес үшін айқын болуы тиіс екенін атап өтті. Тиісті органдарға транзиттік жүктер үшін кедендік тексерусіз тетікті енгізу тапсырылды. Сыртқы қазақстандық терминалдарды қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Президенттің тапсырмаларын ескере отырып теміржол (20,5%) және құбыр көлігімен (19,5%) жүк тасымалдау көлемінің ұлғаюы аясында көлік, қаржы министрліктеріне мүдделі ұйымдармен бірлесіп бір апта мерзімде сауда және транзит ағынына әсер ететін басым жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға 2 күн мерзімде жергілікті жерлердегі жұмыстарды бақылау мақсатында өңірлерге барып, Президенттің тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын дайындау тапсырылды.

Айта кетейік, Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Тоқаев Көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады. Президент "Жасыл дәліз" жүйесін құрудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға шақырды. Ол жаһандық бәсекелестік шиеленіскен тұста еліміздің географиялық артықшылығын сақтау ғана емес, оны күшейту де маңызды екенін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу