Бектенов Михаил Мишустинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

158

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Бектенов Михаил Мишустинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады Фото: primeminister.kz

Ресей Федерациясына ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді.

 Екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, оның ішінде өзара тауар айналымын $30 млрд-қа дейін арттыруға назар аударылды. Көлік-транзиттік ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, энергетика және газ, ғарыш салаларындағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Өткен жылы екіжақты тауар айналымы көлемі шамамен 3%-ға өсіп, $27,8 млрд-қа жетті. Бизнес субъектілері 45,4 мыңға жуық жұмыс орнын ашу арқылы бірлесіп 171 жобаны іске асырады.

Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – агроөнеркәсіп кешеніндегі өзара іс-қимыл. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, екіжақты негіздегі өзара шектеулерді алып тастау нәтижесінде саладағы тауар айналымы 4,5%-ға өсіп, $3,8 млрд-ты құрады.

Көлік-транзиттік бағытта өткен жылдың қорытындысы бойынша "Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық дәлізінің Шығыс тармағы бойынша жүк ағынының көрсеткіштері 2,4 млн тоннаға дейін өсті.

Тараптар өзара сауданың оң динамикасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Екіжақты сауда айналымын арттыруда және өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін шешуде Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі ерекше маңызға ие.

Келіссөздер қорытындысы бойынша өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту ниеттері расталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу