Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұжымына жаңа министрді таныстырды

125

Премьер-министр Қанат Шарлапаевқа салаларды, әсіресе, өңдеу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұжымына жаңа министрді таныстырды Фото: primeminister.kz

Отандық өндірушілерді қолдау шараларын кеңейту, заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі соңғы 10 жылдағы ең серпінді өсімге қол жеткізіп, 5,9%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа министр – Ерсайын Нағаспаевты таныстыру барысында Премьер-министр қол жеткізілген нәтижелерді бекіту және өңдеу өнеркәсібінің одан әрі өсуін қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді атап өтті. 

Импортты алмастыруды қамтамасыз ету және экспортты кеңейту үшін қосылған құны жоғары өнім шығаруды жандандыру жөнінде бірқатар тапсырма берілді. Инвесторлармен және бизнес өкілдерімен тығыз қарым-қатынасқа баса назар аударылады.

ӨҚМ ұжымына Президенттің құрылыс саласын дамыту және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша міндеттер белгіленді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу