Олжас Бектенов өңірлердің әкімдеріне инфляцияны қатаң бақылауда ұстауды тапсырды

186

Қарашада жылдық инфляция 8,4% болды. 

Олжас Бектенов өңірлердің әкімдеріне инфляцияны қатаң бақылауда ұстауды тапсырды Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында инфляция деңгейін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қараша айында жылдық инфляция 8,4%-ға дейін бәсеңдеді. Бұл – әлеуметтік маңызды мәселе, сондықтан оны қатаң бақылауда ұстау қажет. Серік Мақашұлы Жұманғаринге егер өңірлер жергілікті жерде қажетті шараларды қолға алмаса, тиісті шешімдер қабылдау үшін маған дереу баяндауды тапсырамын. Бұл жұмыста тұрақтандыру қорларын, форвардтық шарттарды, субсидиялау сияқты қолда бар тетіктерді белсенді пайдалану керек. Сонымен қатар, импортқа тәуелді өнімдер өндірісін кеңейту қажет. Инфляция деңгейін бақылау және оны төмендету жөніндегі шаралар жоспарын орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаңыздар", - деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектеновтің айтуынша, экономика өсімінің оң қарқынын сақтап қалу қажет. 

"Министрлер мен әкімдерге бөлінген қаражаттың толық әрі уақтылы игерілуін  ерекше бақылауға алуды тапсырамын. Қаржы министрлігі бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуына бақылауды күшейтуі қажет", - деді Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу