Олжас Бектенов Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындалды

591

Бұл туралы inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Олжас Бектенов Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындалды Фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

2001 ж. – Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, мамандығы – заңгер.

Еңбек өтілі:

2002-2005 жж. – Алматы қаласы әділет басқармасында бас маман.

2005-2006 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінде заң бөлімінің бас сарапшысы. 

2006-2009 жж. – ҚР Президенті әкімшілігінде қызмет еткен.

2009-2012 жж. – ҚР әділет министрлігінің тіркеу және құқықтық алғашқы көмек көрсету қызметі комитеті төрғасының орынбасары.  

2012-2014 жж. –  ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлық қарсы күрес агенттігі орталық аппаратында департамент басшысы.

2015-2016 жж . – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі.

2016-2017 жылдары – Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысы.

2017 жылғы шілдеден бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

2018 жылғы 1 маусымнан – 2019 жылдың 20 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары.

Мемлекеттік наградалары:

ІІ дәрежелі "Айбын" ордені (2014 ж.).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу