Олжас Бектенов Президенттің құрылтайдағы тапсырмалары туралы: "Әрбір министр мен әкімнен нақты нәтижелер керек"

146

Күні кеше Қызылордада V Ұлттық құрылтай өтті.  

Олжас Бектенов Президенттің құрылтайдағы тапсырмалары туралы: "Әрбір министр мен әкімнен нақты нәтижелер керек" Фото: Үкімет

Құрылтайда Қазақстанның  заманауи сын-тегеуріндерге қарсы тұруына кепілдік беретін  аса маңызды идеологиялық тұжырымдар айқындалды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кеше өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  бұған дейінгі ауқымды саяси реформаларының жалғасы болып табылатын бастамаларын жария етті. Парламент пен  қоғамдық институттардың рөлін күшейту туралы ұсыныстар  саяси жүйемен қатар,  азаматтарымыздың мәдениетіне де  демократиялық қағидаттарды біржолата орнықтыру процесі  жүріп жатқанын білдіреді. Қазақстанның  заманауи сын-тегеуріндерге қарсы тұруына кепілдік беретін  аса маңызды идеологиялық тұжырымдар айқындалды", – деді Олжас Бектенов. 

Бұлар – қоғамды ұйыстыру,  отаншылдық,  әділдік  және "Заң мен Тәртіп" қағидаттарына деген мызғымас ұстаным. 

"Ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналған "Таза Қазақстан" да  негізгі құндылықтардың қатарында тұр. Президент өз сөзінде еліміздің одан әрі экономикалық дамуына қатысты  негізгі міндеттерді белгілеп берді. Мемлекет басшысы  әрбір жауапты лауазымды тұлғаға  батыл әрі тосын инновациялық шешімдер қабылдау қажеттігі туралы  қатаң талаптар қойды. Бұл  өмірдің барлық саласына қатысты. Әрбір министр мен әкімнен,  әрбір сала мен өңірде  көзге көрінетіндей  нақты нәтижелер керек", – деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу