Павлодарда құны 15 млрд доллар болатын ірі өнеркәсіп паркі салынады

142

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Павлодарда құны 15 млрд доллар болатын ірі өнеркәсіп паркі салынады Фото: Үкімет

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов сингапурлық XINFA GROUP компаниясының басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюнмен Павлодар облысында өнеркәсіп паркін салу бойынша дайындық жұмыстарының барысын талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Президенттің тапсырмасы бойынша экономиканы әртараптандыруға және өңдеуші өнеркәсіпті қолдауға бағытталған инвестициялық саясат жүзеге асырылуда.

Кездесу барысында жобаның ағымдағы жағдайына назар аударылды.

Чжао Тинъюн қазіргі уақытта жер учаскесі айқындалып, инвестициялық келісімшарт жасалғанын, сондай-ақ компания парк құрылысын жүзеге асыру үшін жобалау институтын тартқанын атап өтті.

ҚР Премьер-министрі мемлекеттік органдарға жалпы инвестиция көлемі $15 млрд болатын ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға барынша жәрдем көрсетуді тапсырды. Жоба өңірдің және тұтастай алғанда елдің дамуына мультипликативтік әсер етеді.

Толық циклды өнеркәсіп паркін құру жөніндегі тұжырымдамада бокситтерді терең өңдеу жолымен алюминиге айналдыратын жоғары интеграцияланған өндіріс құру қарастырылған. Алюминий тотығын өндіретін кәсіпорындардың қуатын жылына 4,8 млн тонна, электролиттік алюминийді 2,4 млн тонна деңгейінде ұстап тұру жоспарлануда. Терең өңдеу көлемі жыл сайын 1,2 млн тоннаны құрайды. Жобаны жүзеге асыру 10 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өндірістік нысандардың құрылысы биыл басталады. 1-ші кезекті іске қосу 2028 жылы, жобалық қуатқа шығу 2029 жылы жүзеге асырылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу